Экологиялық әдеттер бала кезден басталады

Мусор, мусорная свалка, стихийная свалка, стихийные свалки, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2026 10:56 Фото: Zakon.kz
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Астанадағы Эко-хаб мектеп оқушылары үшін арнайы іс-шара өткізді.

Бұл бастама балалар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді.

Айта кетсек, Елордада ашылған Эко-хаб қалдықтарды қабылдап қана қоймай, оны қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды жұртшылыққа үйретеді.

Мамандар сөзінше, мұндай мазмұнды жиын жастардың қоқысқа деген көзқарасын өзгертеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Балалар қазір қалдықты сұрыптаудың маңызын ұғынса, оны өңдеу де жеңілдейді.

Былтыр қыркүйекте біз осы тамаша кеңістікті аштық. Қазіргі күні "Эко-хаб" тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырумен айналысып жатыр. Кітапхана жүйесімен бірлесіп, оқушылар үшін бүгінгі шараны ұйымдастырдық. Мұның маңызы зор деп білем. Өйткені, балалар қоқысты сұрыптауды үйренсе, біз келешекке табиғи таза ортаны қалдыра аламыз. Гүлнара Хан, жоба жетекшісі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: