Циклон Қазақстанның бүкіл аумағына жаңбыр, қар және боран әкеледі
Сурет: pixabay
Синоптиктер 2026 жылғы 6 наурыз, жұма күніне арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше:
"Солтүстік-батыстан келген циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның бүкіл аумағына жауын-шашын (жаңбыр, қар) алып келеді. Елдің оңтүстік-шығысында кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі".
Болжамға сәйкес, республика бойынша желдің екпіні күшейеді. Ал солтүстік және шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болуы ықтимал.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript