Ерлі-зайыптылар бір-бірінің банктік шоттары туралы біле ала ма: Конституциялық сот мәселені қарайды
Фото: pixabay
Істің мәні
Аталған нормаға сәйкес, банктік құпияны құрайтын мәліметтер тек клиенттің өзіне немесе шот иесінің (мүлiк иесінің) келісімімен үшінші тұлғаға ғана ашылуы мүмкін.
Алайда өтініш иесінің пікірінше, бұл норма ерлі-зайыптылардың біріне ортақ жинақ туралы ақпарат алуға мүмкіндік бермейді және олардың ортақ мүліктегі үлесіне қатысты құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіреді.
Некені бұзғаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арыз дайындау кезінде әйел бұрынғы жұбайының некеде тұрған кезеңде жинаған қаржылық жинақтары туралы мәлімет ала алмаған.
Осыған байланысты ол екінші деңгейлі банктерді тиісті ақпаратты беруге міндеттеу туралы сотқа талап-арызбен жүгінген. Алайда сот оның талабын қанағаттандырудан бас тартқан.
Сот отырысына кімдер қатысты
Конституциялық соттың отырысына:
- өтініш беруші және оның заңгерлік кеңесшісі,
- Парламент палаталарының өкілдері,
- Бас прокуратура,
- Ұлттық банк,
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі,
- Әділет министрлігі,
- Заңнама және құқықтық ақпарат институты,
- Парламентаризм институтының өкілдері қатысты.
Конституциялық соттың қорытынды шешімі кейінірек жарияланады.