Парсы шығанағы елдерімен қатынас жабылуы Қазақстан нарығына қалай әсер етеді
Фото: gov.kz
2026 жылғы 11 наурызда Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Мәжіліс кулуарында Парсы шығанағы елдерімен қатынастың жабылуының Қазақстан нарығына ықпалы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер вице-министрден осы елдерден Қазақстанға жеткізілетін қандай тауарлар бойынша тапшылық болуы мүмкін екенін сұрады.
"Әзірге ешқандай қауіп көріп отырған жоқпыз. Бізбен олардың арасындағы тауар айналымы өте аз – бар болғаны 0,022%", – деді Абилдабеков.
Оның айтуынша, Иранмен Қазақстанның тауар айналымы шамамен 430 млн долларды құрайды.
"Соның 240 млн доллары – біздің экспорт. Оның басым бөлігі – астық өнімдері, яғни арпа мен бидай. Бұл шамамен 0,03% ғана. Тіпті 1%-ға да жетпейді", – деп толықтырды вице-министр.
Парсы шығанағындағы қақтығыс аясында Қазақстан валютасының неге нығайып жатқаны туралы толығырақ материалдан оқуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript