Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тіс қызметтері кімдерге қолжетімді

Таратылған ақпаратқа сәйкес, жоспарлы және шұғыл жағдайларда тіс көмегін 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер ала алады.  Сонымен қатар, шұғыл жағдайда тіс көмегі келесі категорияларға көрсетіледі:, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 11:11 Сурет: pexels
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тіс қызметтері кімдерге көрсетілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, жоспарлы және шұғыл жағдайларда тіс көмегін 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер ала алады.

Сонымен қатар, шұғыл жағдайда тіс көмегі келесі категорияларға көрсетіледі:

  • зейнеткерлер;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • I, II, III топтағы мүгедектер;
  • атаулы әлеуметтік көмекті алушылар;
  • инфекциялық немесе әлеуметтік маңызды аурулары бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін пациенттер;
  • мүгедек балаға күтім көрсететін жұмыс істемейтін тұлғалар;
  • I топтағы мүгедекке күтім көрсететін жұмыс істемейтін тұлғалар;
  • "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" төсбелгісімен марапатталған көпбалалы аналар.

Еске салсақ, Қазақстанда поликлиникалар МӘМС аясында тіркелген, бірақ белсенді пайдаланбайтын халықпен жұмысты күшейткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: