Мәслихаттар толық цифрлық мемлекет құру мәселесіне белсенді атсалысуы қажет – Президент

Глобализация, глобальный бизнес, бизнес, глобальная экономика, международный бизнес, международные отношения, международные связи, международная торговля, глобальные связи, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 13:41 Фото: pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде толық цифрлық мемлекет құру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, елдегі маңызды мәселенің бірі – толық цифрлық мемлекет құру.

"Бұл мақсаттың еліміз үшін маңыздылығын жақсы білесіздер. Мәслихаттар бұл үдерістен тыс қалмауға тиіс. Озық технологиялар мен жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару жүйесінің барлық саласына енгізу стратегиялық маңызы бар мақсатқа айналды. Еліміздің жарқын болашағы осы мақсаттың табысты іске асуына тікелей байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда, мәслихаттардың осы жұмысқа белсенді атсалысқаны абзал". Мемлекет басшысы

Сондай-ақ депутаттардың кәсіби білігін арттырып, цифрлық құзыретін кеңейту өте маңызды.

"Бұл шаруамен Мемлекеттік басқару академиясы белсенді және тиімді түрде айналысуға тиіс. Менің білуімше, таяу арада нәтижелер де белгілі болмақ. Бүгінге дейін 1200-ге жуық депутат арнайы оқу курсына шақырылып, кәсіби тұрғыдан шыңдалды. Енді биыл басталған AI Governance 500 бағдарламасының аясында облыстық мәслихаттардың аппарат басшыларын оқыту қажет. Жалпы, елімізде жасалып жатқан цифрлық өзгерістер орталық пен аймақтар арасындағы алшақтықты мейлінше азайтуы қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін мемлекет басшысы аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс екенін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: