Цифрлық мемлекет құру мәселесіне айрықша көңіл бөлу керек – Тоқаев
Фото: pixabay
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрлық мемлекет құру мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысы бұл сала еліміздің болашағына тікелей әсер ететінін атап өтіп, жұмысқа салғырт қарап, жайбарақат жүруге болмайтынын ескертті.
"Әйтпесе, қолдағы мүмкіндіктен айырылып қаламыз", – деді Президент.
Тоқаев цифрлық тәсілдер арқылы артық шығындарды қысқартып, әкімшілік кедергілерді еңсеруге болатынын, басқару ісіндегі тиімсіз шешімдерді барынша азайтуға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Сонымен қатар жасанды интеллектіні толық енгізу бүкіл цифрландыру саясатының өзегі болуы керегін айтты.
"Жасанды интеллектіге негізделген аса маңызды цифрлық жобаларды жүзеге асыру мәселесін айрықша назарда ұстау қажет", – деді Президент.
Мемлекет басшысы Үкіметке жобаларды толық әрі уақтылы қаржыландыру үшін негізгі басымдықтарды нақты белгілеуді тапсырды.
"Әйтпесе, ауқымды жоспардың бәрі қағаз жүзінде қалып қояды. Алдымызда айқын бағдар болмаса, қандай стратегиямен де мақсатқа жету оңай болмайды", – деп қатаң ескертті Тоқаев.
Сонымен қатар Президент Үкімет мүшелері мен әкімдердің цифрландыруға қатысты жауапкершілігін сынға алды.
"Өздеріне сеніп тапсырылған салалар мен облыстардағы кемшіліктерді "жаппай цифрландыру енгізілсе, өздігінен жойылады" деп қарап отырмау керек. Адамдар өзін қорғаудың, басын арашалап алудың түрлі әдісін табады", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript