Аймақтарда мажоритарлық, яғни бір мандатты жүйе сақталады – Тоқаев

Аймақтарда мажоритарлық, яғни бір мандатты жүйе сақталады – Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 13:56 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 12 наурызда мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде бірқатар өзекті мәселеге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, референдумға шығарылған Конституция жобасында жаңа бір палаталы Құрылтайдың депутаттары пропорциялы өкілдік жүйе негізінде сайланады деп көрсетілген. Бұл қадам саяси партиялардың рөлін күшейтіп, заң шығару жұмысының сапасын арттыратыны күмәнсіз.

"Мұндай ұстаным озық халықаралық тәжірибеге толық сай келеді. Біз көптеген мемлекеттердің пропорциялы сайлау жүйесіне көшіп жатқанын көріп отырмыз. Дамыған елдерде де осындай жүйе бар. Себебі бұл тәсіл өз тиімділігін көрсетті. Конституция жобасын әзірлеу кезінде кейбір партия барлық деңгейдегі мәслихаттарды да осы жүйемен жасақтауды ұсынды. Бірақ менің бұл мәселеге қатысты көзқарасым – нақты. Мемлекет басшысы

Бұл ретте, аймақтарда мажоритарлық, яғни бір мандатты жүйе сақталатындығы атап өтілді.

"Бұл – өте маңызды. Себебі дәл осы мәслихат депутаттары жергілікті жерде сайлаушылармен үнемі байланыста болып, қоян-қолтық жұмыс істейді. Сонымен бірге мұндай жүйе ешқандай партияға кірмейтін, бірақ халық сенетін іскер азаматтар үшін тағы бір тиімді саяси баспалдақ болмақ. Сол арқылы мәслихаттардың рөлі арта түседі".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін мемлекет басшысы мәслихаттардың жергілікті билік жүйесіндегі рөлін күшейту қажет екенін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: