Соңғы үш жылдың ішінде елімізде 57 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды – Президент
Фото: freepik
Қазақстанда тұрғын үй құрылысы тұрақты әрі қарқынды дамып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы үш жылда елімізде 57 миллион шаршы метр тұрғын үй салынғанын атап өтті.
Президенттің сөзінше, бұл көрсеткіш басқа іргелес елдермен салыстырғанда жан басына шаққанда ең жоғары құрылыс ауқымдарының бірі болып отыр. Қалада 520 мыңнан астам, ал ауылда 70 мыңға жуық отбасы жаңа баспанамен қамтылды.
Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым да белсенді түрде дамып жатыр. Соңғы жылдары мыңдаған заманауи мектептер, медициналық мекемелер, мәдениет және спорт нысандары салынып, күрделі жөндеуден өтті.
"Қазіргі таңда еліміз үлкен бір құрылыс алаңына айналды деуге болады. Қай жаққа қарасаңыз да құрылыс, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұны аймақтарға жиі баратын, елімізді аралайтын азаматтар көріп, біліп жүр", – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мұндай қарқынды құрылыс жұмыстары тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік жағдайды жақсартуға және елдің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript