Қазақстан цифрландыру мен әлеуметтік саясат арқылы дамудың даңғыл жолында – Тоқаев

Искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 14:05 Фото: primeminister.kz
Қазақстанда цифрландыру мен әлеуметтік қолдау саласы тұрақты дамып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, былтыр табысы төмен және орташа елдерде тұратын 1,6 миллиард адам әлеуметтік қолдау шараларына қол жеткізе алмаған.

Сол себепті Қазақстанда әлеуметтік теңсіздікті азайтуға бағытталған кешенді саясат жүзеге асырылуда.

Қазақстанда әлеуметтік желілер мен заңды онлайн-қызмет түрлерінің барлығы ешқандай шектеусіз жұмыс істейді, бұл мемлекеттік саясаттың ашықтығын және қоғамда пікір алуандығы бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, еліміз электронды үкімет жүйесі мен қаржылық технологияны дамыту бойынша ең ілгері елдердің бірі саналады.

Президент Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізуді жалғастырудың стратегиялық маңызды міндет екенін атап өтті. Бұл – заман талабы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің тиімділігін арттыруға, қоғамның дамуына жол ашатын маңызды қадам.

Қазақстан 2025 жылдың қорытындысы бойынша адам капиталын жаһандық бағалауда 160-тан аса елдің ішінде 42-орынға табан тіреді. Бұл көрсеткіштің жоғарылауы соңғы жылдардағы ауқымды мемлекеттік инвестициялардың жемісін беріп жатқанын көрсетеді. Президент атап өткендей, бұл – мемлекеттік саясаттың ұзақмерзімді қисынға және нақты басымдықтарға сүйенетінін дәлелдейтін нәтиже.

Мемлекеттік инвестициялар білім сапасын арттыруға, балалар мен жастарға арналған мүмкіндіктерді кеңейтуге, ғылым, мәдениет, спортты қолдауға, озық инновация мен цифрландыруға, жасанды интеллектіні енгізуге, сондай-ақ жайлы әлеуметтік және кәсіпкерлік орта құруға бағытталған.

Тоқаевтың сөзінше, мемлекет азаматтардың әлеуетін өркендетуге бағытталған нақты шешімдер қабылдап, жаңа заманда халқының келешегін кемел етуге ұмтылған мемлекеттер ғана табысқа жетеді. Жиындарда, Үкімет отырыстарында және еңбек ұжымдарымен кездесулерде Президент бос мақтаннан аулақ болып, түйткілді мәселелерді ашық талқылап, оның шешімін бірлесіп іздеудің маңызын ерекше атап көрсетеді.

Президент Қазақстанның дамудың даңғыл жолына түсіп, нық сеніммен алға қадам басып келе жатқанын, әлеуметтік және цифрлық саясаттың елдің тұрақты дамуына негіз болатынын баса айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: