Қандай жағдайда референдум өтпеді деп танылады – Нұрлан Әбдіров түсіндірді

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 14:36 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 13 наурызда ОСК кулуарында референдум қандай жағдайда өтпеді деп танылуы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл талаптардың барлығы қолданыстағы Конституцияда нақты көрсетілген.

"Конституция нормасына сәйкес, референдумға сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50 пайыздан астамы қатысуы тиіс. Сонымен қатар, әңгіме Конституция мәтіні туралы болғандықтан, қосымша талап та бар: елдің кемінде үштен екі өңірінде сайлаушылардың қатысуы 50 пайыздан жоғары болуы керек", – деді Әбдіров.

Сондай-ақ оның сөзінше, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 50 пайыздан астамы ұсынылған өзгерістерді қолдауы тиіс.

"Егер бұл талаптар орындалмаса, онда референдум өтпеді деп есептеледі және халық ұсынылған өзгерістерді қолдамады деген қорытынды жасалады. Ең алдымен дауыс беруге сайлаушылардың 50 пайыздан астамы келуі керек. Одан кейін келгендердің 50 пайыздан астамы "қолдаймын" деп дауыс беруі тиіс", – деп қосты ол.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі референдумға үгіт жүргізу кезінде анықталған заң бұзушылықтар туралы хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: