Референдумның қорытынды нәтижелері: 7,9 млн қазақстандық жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

2025 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті қайта құрылымдау, яғни екі палаталы жүйеден бір палаталы жүйеге көшу туралы ұсыныс енгізді. Бастапқыда парламенттік реформа аясында Конституцияның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу жоспарланған болатын. Алайда жұмыс барысында түзетулер санының әлдеқайда көп болатыны анықталды.  Осыған байланысты 2026 жылғы 21 қаңтарда Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Негізгі заңға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды, соның ішінде қазақстандықтардан түскен ұсыныстарды талқылау барысында комиссия мүшелері жаңа Конституция қабылдау қажеттігі туралы қорытындыға келді, сондай-ақ оның жобасын жалпыхалықтық референдумға шығару ұсынылды.  Жаңа Конституция жобасы 11 ақпанда Президентке ұсынылды. Осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.  Қазақстандықтарға мына сұраққа жауап беру ұсынылды: «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?», сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 09:08 Сурет: Zakon.kz
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 17 наурызда өткен брифингте Конституциялық реформа бойынша республикалық референдумның дауыс беру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, референдумдағы дауыс беру нәтижелері аумақтық референдум комиссиялары ұсынған хаттамалар негізінде Орталық референдум комиссиясымен айқындалады.

Ол дауыс беру еліміздің барлық өңірлерінде және шетелде орналасқан 10 388 референдум учаскесінде өткенін еске салды.

"Облыстық комиссиялардан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының комиссияларынан келіп түскен деректер негізінде Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның дауыс беру бойынша қорытынды нәтижелерін белгіледі. Дауыс беру құқығына ие азаматтардың жалпы саны 12 482 613 адамды құрады. Референдумға 9 127 192 адам немесе дауыс беру құқығы бар азаматтардың 73,12%-ы қатысты. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау туралы референдумға шығарылған мәселені қолдап дауыс берген азаматтардың саны 7 954 667 адамды немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15%-ын құрады", – деді Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін Орталық референдум комиссиясының мүшесі Азамат Айманақұмов референдум дауыс беруге қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысқан жағдайда өтті деп есептелетінін атап өткен болатын. Ал референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім, егер оған дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы қолдау білдірсе, қабылданды деп танылады.

2025 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті қайта құрылымдау, яғни екі палаталы жүйеден бір палаталы жүйеге көшу туралы ұсыныс енгізді. Бастапқыда парламенттік реформа аясында Конституцияның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу жоспарланған болатын. Алайда жұмыс барысында түзетулер санының әлдеқайда көп болатыны анықталды.

Осыған байланысты 2026 жылғы 21 қаңтарда Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Негізгі заңға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды, соның ішінде қазақстандықтардан түскен ұсыныстарды талқылау барысында комиссия мүшелері жаңа Конституция қабылдау қажеттігі туралы қорытындыға келді, сондай-ақ оның жобасын жалпыхалықтық референдумға шығару ұсынылды.

Жаңа Конституция жобасы 11 ақпанда Президентке ұсынылды. Осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстандықтарға мына сұраққа жауап беру ұсынылды: "2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?"

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: