Жүрекше, айқыш немесе басқа белгі: қазақстандықтар референдумда қалай дауыс берген
Фото: Zakon.kz
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Үтемісов 2026 жылғы 17 наурызда өткен брифингте дауыс беру бюллетеньдері қандай жағдайда жарамсыз деп есептелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер қазақстандықтар референдум кезінде өз бюллетендерінде қандай белгілер қоюға болатынын сұрады.
"Заң бойынша бюллетеньде белгі қою қажет. Халық, әдетте, айқыш қояды, бұл халықаралық тәжірибе болып саналады. Алайда егер айқыштың орнына басқа белгі қойылса да, дауыс берушінің еркі анықталса, бұл комиссия қарауына шығарылып, бюллетеньнің жарамдылығы туралы шешім қабылданады", – деді Шавхат Үтемісов.
Сондай-ақ, референдум қорытындысын есептегенде келесі бюллетендер жарамсыз деп есептеледі:
- белгіленген үлгідегі емес бюллетендер;
- учаскелік комиссия мүшесінің қолы жоқ бюллетендер;
- референдумға шығарылған сұрақ бойынша ешбір жауап нұсқасы белгіленбеген бюллетендер;
- белгі қарындашпен қойылған немесе өшіру іздері, басқа да бұрмалау белгілері бар бюллетендер;
- дауыс берушінің еркі анықталмайтын бюллетендер.
Егер бюллетеньде барлық жауап нұсқалары белгіленсе, ол жарамды деп есептеледі, бірақ дауыс санауға қосылмайды.
Еске салсақ, бұған дейін Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумның дауыс беру нәтижелерін жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript