Референдумның түпкілікті нәтижелері: 5,5 миллионнан астам қазақстандық АЭС салуға дауыс берді
Сурет: Zakon.kz/Мадина Мамырханова
2024 жылғы 8 қазанда Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтардың атом электр стансасын салу жөніндегі референдумдағы дауыс беру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Референдум бойынша Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, референдумда дауыс беруге құқығы бар 12 284 487 адамның 7 820 204-і, яғни 63,66 пайызы дауыс берген.
"Референдумға қойылған мәселенің оң шешілуіне дауыс берген азаматтардың саны 5 млн 561 мың 937 адамды немесе 71,12 пайызды құрады", — деді Нұрлан Әбдіров.
2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум өтті. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтардың дауыс беруінің алдын ала нәтижелерін жариялаған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысын халықаралық консорциум жүргізуі керек деп санайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript