Қазақстанда пошта бөлімшелерінде сәлемдеме жіберу тәртібі жаңартылады
Фото: qazpost.kz
"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Бекежан Жақеев "Самұрық-Қазына" қорының Қоғамдық кеңесі отырысында онлайн-алаяқтықпен күрес үшін қандай шаралар жоспарланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бекежан Жақеев жасанды интеллектке негізделген жобалар туралы сөз қозғады.
"Бірінші жоба – антифрод жүйесі. Ол алаяқтық операциялардың деңгейін төмендетуге, қаржылық шығындарды азайтуға және күмәнді транзакцияларды анықтау тиімділігін арттыруға бағытталады. Сонымен қатар жасанды интеллект агенттерін енгізу, желі жұмысының тиімділігін талдайтын мониторинг жүйесін және жеткізуді интеллектуалды бағыттау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл жобалар қордың қолдауымен белсенді түрде пысықталуда", – деді ол.
Оның айтуынша, "Қазпоштаны" мемлекеттік логистикалық компанияға айналдыру жоспарда жоқ. Керісінше, ұлттық пошта операторы өз инфрақұрылымын нарық қатысушыларына әртүрлі қызмет түрлерін дамыту үшін ұсынуды жалғастырады.
"Сондай-ақ цифрландыру аясында Smartpoint QazPost жобасын іске қосып жатырмыз. Бұл – пошта бөлімшелерінде сәлемдеме жіберудің бір бөлігін өзін-өзі қызмет көрсету форматына көшіру. Қазір пилоттық жоба Шымкентте іске қосылып жатыр. Кейін оны кеңейтіп, тестілеуден өткізіп, қосымша қызметтермен толықтырамыз", – деп қорытындылады "Қазпошта" басшысы.
Бұған дейін Бекежан Жақеев Қытайдың логистикалық және сауда платформаларымен ынтымақтастық жоспарлары туралы да айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript