Қазақстанда 14 наурызда жауын-шашын мен қалың қар күтіледі
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
"Қазгидромет" РМК мамандары елімізде 2026 жылғы 14 наурызда, сенбі күні болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстар жайлы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпарға сүйенсек, антициклон жотасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын аңықтайтын болады.
"Тек ҚР солтүстігінде және шығысында циклон жырасының өтуіне байланысты түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Сондай-ақ, республика бойынша тұман, солтүстікте, шығыста желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі.
Бұған дейін 2026 жылғы 14–16 наурызға арналған еліміздің үш ірі қаласы бойынша егжей-тегжейлі ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript