Ақтаулық белсенді жас алғаш рет дауыс берді
Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
Бүгін, 15 наурыз күні Ақтау қаласында өтіп жатқан республикалық референдумға Yessenov университетінің 1-курс студенті, болашақ заңгер Бекзат Қадірбай қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жас сайлаушы Ақтау технологиялық колледжінде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді түрде атсалысты. Ол референдум күні ұйымдастырылған тегін қоғамдық көлікті пайдаланып, дауыс беруге арнайы келді.

Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
Бекзат Қадірбайдың айтуынша, референдум – әрбір азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауына мүмкіндік беретін саяси науқан.

Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
"Референдумға қатысу – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі. Әсіресе жастар ел болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды шешімдер қабылданатын сәттерде белсенділік танытуы керек", – деді белсенді жас Бекзат Қадірбай.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript