Президент Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық Коалиция мүшелеріне ризашылығын білдірді
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның қабылдануына орай өткен салтанатты жиынға қатысты. Онда ол Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның нәтижелі еңбегіне айрықша тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, Комиссия мүшелері өте ауқымды, тиімді жұмыс атқарып, мемлекет пен қоғамның өзара сенімі және серіктестігі аса маңызды екенін айқын көрсетті.
"Жалпыұлттық коалиция мүшелері де қажырлы қызмет етті. Олар жаңа Конституцияның мән-мазмұнын жұртшылыққа кеңінен түсіндіріп, қажетті үгіт-насихат жұмысын ойдағыдай атқарды. Бүгін осы тарихи сәтке орай, мен Комиссия құрамында болған барша азаматқа және Коалиция мүшелеріне ерекше ризашылығымды білдіремін". Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы еліміздің әр аймағы, ауданы мен қаласында қоғамдық белсенділер, олардың ішінде еріктілер, яғни волонтерлер жоғары азаматтық жауапкершілік танытып, Халық Конституциясының қабылдануына зор үлес қосқанын атап өтті.
"Баршаңызға рақметімді айтамын".Президент
Бұған дейін президенттің референдумға жастардың белсенді қатысқанын атап өткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript