Шымкент саябағында есірткі жасырған күдіктілер қамауға алынды

Шымкент саябағында есірткі жасырған күдіктілер қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 11:13 Сурет: бейнежазба скриншоты
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері есірткіні таратумен айналысқан күдіктілердің әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрульдеу барысында тәртіп сақшылары екі ер адамның күмәнді әрекетіне назар аударған. Тексеру кезінде олардың есірткі заттарын түрлі орындарға жасырын қалдыру арқылы таратумен айналысқаны анықталды.

Аумақты тексеру және ұсталғандарды жеке тінту барысында сатуға дайындалған психотроптық заттардың 20-дан астам орамы тәркіленді. Сондай-ақ жасырын орындармен бөлісу үшін пайдаланылған телефондар да айғақ ретінде алынды.

Бұған дейін трансұлттық есірткі схемасы әшкереленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: