Тоқаев Аустриямен реадмиссия туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Тоқаев Аустриямен реадмиссия туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 17:02 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Аустрия үкіметтері арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 18 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасының Федералдық Үкіметі арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: