Шығын көлемі – 15 млн теңге: Ақтөбеде полиция телефон ұрлығын әшкереледі

Шығын көлемі – 15 млн теңге: Ақтөбеде полиция телефон ұрлығын әшкереледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 18:50 Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде полиция 15 млн теңгенің ұрлығын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгісіз азамат кіреберістегі есіктің әйнегін балғамен сындырып, дүкен ішіне заңсыз кіріп, 18 телефонды ұрлап кеткен. Кәсіпкердің бағалауынша, келтірілген шығын шамамен 15 миллион теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

Ер адам қала көшелерінің бірінде ұрланған телефондарды сатпақ болған кезде қолға түсті. Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде барлық телефон тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: