Жылына 200-ден астам баланың жүрегіне ота жасалады
Фото: pexels
Маңғыстауда жыл сайын 200-ден астам бала туа біткен жүрек ақауымен республикалық орталықтарға барып, операция жасатады.
Биылдың өзінде 32 бала жіберілген. Себебі, облыста кардиохирург маман тапшы. Бірақ, соған қарамастан жергілікті дәрігерлер жүрек ақауымен туған нәрестені перзентханада-ақ анықтап, отаға жіберуді жолға қойған, деп жазады qazaqstan.tv.
Дүниежүзілік статистикаға сүйенсек, жаңа туған мың баланың арасында 10-15 нәрестеде туа біткен жүрек ақауы тіркеледі. Ал, Маңғыстауда жүрек қан тамыры ауруларымен 4 мыңға жуық бала есепте тұр. Соның мың жарымы туа біткен жүрек ақауымен дүниеге келген.
"Туа біткен жүрек ақауын осыған дейін көпшілік жағдайда бала ауырған кезінде ауруханаға түскен кезінде анықтап отырдық қой. Ал, қазіргі таңда бізде медициналық технологияның жақсаруына байланысты біз жаңа туған нәрестелерді перзентхананың өзінен УЗИ түсіріп, туа біткен жүрек ақауын алдын-ала анықтап, оның планын жасап береміз әрі қарай." Замира Артықбайқызы, балалар кардиологы
Аймақта балалар кардиохирургтары болмағандықтан ота тек Астана, Алматы және Ақтөбе қаласында жасалады. Жыл басынан бері 32 бала жіберілді. Оның бесеуі шұғыл түрде санавиациямен жеткізілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript