20 наурызда Қазақстанда күн бұзылады
Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 20 наурыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі.
"Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болады, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді, ал батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін",– делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript