Қазақстанда бірқатар стоматологиялық клиниканың қызметі тоқтатылды

Қазақстанда бірқатар стоматологиялық клиниканың қызметі тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2026 20:15 Сурет: freepik
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылғы 19 наурызда ел бойынша стоматологиялық клиникаларға жүргізіліп жатқан жоспардан тыс тексерулер туралы есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, тексеру тізіміне барлығы 622 стоматологиялық клиника енгізілген.

Кейінгі деректерге сәйкес, олардың 392-сіне тексеру жүргізілген.

Оның ішінде 103 клиникада ешқандай заңбұзушылық анықталмаған.

Қызметін тоқтатқан 174 стоматологиялық клиниканың 56-сы медициналық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясын өз еркімен қайтарған.

Жекелеген жағдайларда жедел әрекет ету шаралары қабылданып, кейбір субъектілердің қызметі 30-дан 90 күнге дейін тоқтатылды. Сондай-ақ медициналық қызметкерлерді 30 күнге жұмыстан шеттету шаралары қолданылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: