Астанада жұмысшылардың LRT вагонын неліктен қолмен сүйреп жүргені белгілі болды
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазнетте жұмысшылардың жеңіл рельсті көлік (LRT) вагонын қолмен тартып бара жатқан видеосы тарады. Бұл жағдай желі қолданушыларын күлдіріп, түрлі пікірлер туғызды. Өз кезегінде, көлік компаниясы бұл көрініске түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода бірнеше адамның вагонды алдыңғы жағынан тартып, артынан итеріп келе жатқаны көрінеді.
@janbolat158 #долнобойщик ♬ оригинальный звук – 💸Janbolat 💸
City Transportation Systems компаниясы 2026 жылғы 20 наурызда бұл жағдайдың мән-жайын түсіндіріп берді.
Компания мәліметінше, бұл – LRT желісіндегі іске қосу және реттеу жұмыстарының бір кезеңі. Атап айтқанда, рельске қойылғаннан кейін вагондарды өзара қосу (тіркеу) үшін технологиялық процесс жүргізіліп жатыр.
"Осы кезеңде вагондардың орнын қолмен түзетуге рұқсат етіледі. Бұл тіркеу құрылғыларын дәл сәйкестендіру және вагондардың рельстегі орналасуын дұрыс реттеу үшін қажет. Сондай-ақ бұл уақытта вагондар жұмыс режимінде болмайды, сондықтан қозғалтқыш жүйелерін пайдалану талап етілмейді. Қысқа қашықтыққа жылжыту қолмен, толық бақылауда жүзеге асырылады".
Компания барлық жұмыстар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізілетінін және бұл рельсті көлікті пайдалануға беру кезінде қолданылатын қалыпты тәжірибе екенін атап өтті.
Бұған дейін Алматы өңірінде әуе такси жүйесі енгізілетіндігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript