Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 17:07 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Розыбакиев көшесі, 166 мекенжайында орналасқан дәмхананың заңсыз салынған жазғы террасасы бұзылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Басқарманың мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында мамандар тұрғын емес ғимараттың қасбет жағынан рұқсатсыз салынған қосалқы құрылыстарды анықтаған. Сонымен қатар нысандар пайдалануға беру актісіз қолданылған.

"Тексеру нәтижелері бойынша акт шығарылғаннан кейін меншік иесі заңсыз нысанды ерікті түрде бұзуды бастаған", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қосалқы құрылыстардың бірі толық бұзылды, ал меншік иесі екіншісін сүруге кірісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: