Алматыда заңсыз салынған нысандар бұзылып жатыр

Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2025 09:36 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Бостандық ауданында заңсыз екі нысан бұзылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігі бұған дейін Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Нұр-Алатау шағын ауданы, Қ. Тауасарұлы көшесі, 71/21 мекенжайында орналасқан бір жер теліміндегі 3 қабатты екі үйдің бұзылғаны туралы хабарлаған болатын.

Жоспардан тыс тексеріс барысында бұл нысандардың рұқсатсыз салынғаны анықталған. Осыған байланысты меншік иелеріне (жеке тұлғаларға) әкімшілік шаралар қолданылған.

Кейін бұл іс бойынша ұзаққа созылған сот процесі жүріп, 2024 жылдың 31 қаңтарында Алматы сотының қаулысымен аудандық соттың нысандарды бұзу туралы шешімі күшінде қалды.

Сот шешімін орындау мақсатында меншік иелері бастапқыда нысанды өз еркімен бұза бастаған. Алайда кейін бұл жұмыстардың толық аяқталмағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ғимараттар сот орындаушыларының қатысуымен мәжбүрлі түрде бұзылып жатыр.

Айта кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың басынан бері қалада 74 заңсыз салынған нысан толық немесе жартылай бұзылған. Олардың қатарында тұрғын үй кешендері, сауда орындары мен өз бетінше тұрғызылған құрылыстар бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: