Алматыда заңсыз салынған тағы бір кафе бұзылып жатыр

Алматыда заңсыз салынған тағы бір кафе бұзылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2024 17:48 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы сот шешімі бойынша заңсыз деп танылған Айнабұлақ - 1, 6 "Б" ш/а кафені бұзуды бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кафенің меншік иесі (жеке тұлға) АПЗ, эскиздік жобаны келісу, жобаны сараптау және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаса да құрылысты салған.

Бұрын басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берген.

"2024 жылғы 7 ақпанда басқарма Жетісу аудандық сотына объектіні бұзуға талап арыз берді. Сот шешімімен талап-арыздар қанағаттандырылды, қалалық соттың 2024 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалды", - делінген хабарламада.  

Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды. 

Еске салайық, Алматыда өткен жылдың басынан бері 53 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", "Khan", "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: