Газ баллондарының қауіпсіздігі: Құтқарушылар ескерту жасады
Фото: freepik
Елімізде соңғы 3 жылда 29 газ баллоны жарылып, 27 адам қаза тапқан.
107 адам зардап шекті. Құтқарушылардың айтуынша, газ баллондары бар нысандардағы өрт – ең қауіпті. Мамандар әсіресе қоғамдық тамақтану орындарына қатаң ескерту жасап отыр, деп жазады qazaqstan.tv,
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін былтырдан бері 71 дәмхана мен мейрамхана жабылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, газ жабдықтарының қауіпсіздігін әкімдік жанындағы тұрғын үй инспекциялары бақылайды.
Мамандар баллондарды тек мамандандырылған бекеттерде толтыруды және екі қабаттан асатын үйлерде пайдаланбауды қатаң ескертеді.
Сондай-ақ газ құбырларын қараусыз қалдыруға болмайтындығын айтты. Қазіргі уақытта қолданыста 348 мыңнан астам ескі газ баллоны бар, оларды жаңасына ауыстыру жұмыстары басталды.
"Жаңағы редукторы бар, газ плитаға дейін баратын. Қояр алдында оны да жарамды ма, жарамсыз ба соны ескермейді. Жаңағы салқын жерден жылы жерге кіргізгенде де, жаңа айтты ғой, газдың қысымы көбейіп содан жаралыс пайда болады." Руслан Қайрақбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі комитет төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript