Көлік полицейлері "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді

Эмигранты, эмиграция, мигранты, миграция, иммигранты, иммиграция, приезжий, приезжие, репатриация, репатрианты, кандас, кандасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2026 15:42 Фото: МИД РК
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында елімізде "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау, олардың алдын алу, сондай-ақ әуе және теміржол көлігі нысандарында шетел азаматтарының болу қағидаларының сақтауын бақылау.

Өткізілген жедел-профилактикалық іс-шара аясында көліктегі полиция қызметкерлері елде болу тәртібін бұзудың 101 дерегін анықтады.

Оның ішінде 88-і — ТМД елдерінің азаматтары, 13-і — алыс шетел азаматтары.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған кезде заң бұзушылықтарға жол берген 31 Қазақстан Республикасының азаматы жауапкершілікке тартылды.

КПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Болат Шәріпбаевтың айтуынша, жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарды тиімді анықтауға және олардың жолын кесуге, сондай-ақ халықтың құқықтық тәртібін арттыруға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: