Астана және тағы сегіз қалада ауа сапасын нашарлайды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2026 09:40 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 23 наурызда Қазақстанның тоғыз қаласының тұрғындарына ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжамынша, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Ақтөбе және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Олар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

Мұндай жағдайда тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автожолдардың немесе басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмегені жөн. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртта жүрген кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: