Қарағанды облысында балшық құрсауында 18 адам қалып кетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2026 12:24 Фото: zakon.kz
Қарағанды облысында балшық құрсауында қалған 18 адам құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

112 пультіне Ақтоғай ауданы Айыртас ауылынан 35 шақырым жерде дала жолында төрт жеңіл автокөлік лайға батып, шыға алмай қалғаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушыларының жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында автокөліктер батпақтан тазартылған жол бөлігіне сүйреріп шығарылды.

Көліктердің ішінде 18 адам болды. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ.

"Алыс жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын нақтылап, мүмкіндігінше жолсыз жерлермен жүруден аулақ болыңыздар, – деп ескертті ТЖМ.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: