Павлодар облысында жаңа туған егіз сәби тікұшақпен медициналық мекемеге жеткізілді

Павлодар облысында жаңа туған егіз сәби тікұшақпен медициналық мекемеге жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2026 12:59 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
ТЖМ тікұшағымен жаңа туған егіз сәбилер шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ Қазәуеқұтқару ұшқыштары Шарбақты ауылынан Павлодарға жаңа туған егіз сәбилерді шұғыл медициналық көмек көрсету үшін тікұшақпен тасымалдады.

"Бортта кішкентай науқастарды санавиация дәрігерлерінің бригадасымен сүйемелдеу жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өтті.

Өткен түні дүниеге келген егіздер медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта мамандардың бақылауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: