Mellstroy жобасына қатысы бар қазақстандық блогерге іздеу салынды

Mellstroy жобасына қатысы бар қазақстандық блогерге іздеу салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2026 11:30 Сурет: instagram/andersonchik1
Қаржы мониторингі агенттігінің Астана бойынша департаменті блогер Ильяр Ювашевке (andersonchik1) мемлекетаралық іздеу салды. Ол Mellstroy жобасына байланысты заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, 2024-2025 жылдары Ювашев онлайн-казино желісін құру және басқаруға қатысқан, оның ішінде Mellstroy сайты да бар. ҚМА мәліметінше, ақша ағындарын заңдастыру үшін 22 жалған компания тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардың 3,6 млрд теңгеден астам қаражаты өткен.

Ведомство Астанадағы экономикалық тергеу департаментіне күдіктінің жүрген жері туралы кез келген ақпаратты хабарлауды сұрайды. Ақпарат бергендерге сыйақы мен анонимдікке кепілдік беріледі.

"ҚМА Астана бойынша департаменті мемлекетаралық іздеуге жариялады: Ювашев Ильяр Салаватович, 23.06.1998 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, andersonchik1 лақап атымен танымал блогер", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚМА Беларусь азаматы Андрей Буримге қатысты (Mellstroy ретінде белгілі) тергеудің жалғасып жатқанын еске салды. Ол халықаралық іздеуде. Тергеу нұсқасына сәйкес, блогер интернет-казиноны жарнамалау үшін ұтыс ойындары мен челлендждер ұйымдастырып, қолданушыларды брендті атап, сайтқа сілтемелермен бейнероликтер жариялауға итермелеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: