Қазақстанда танымал беларусь блогері Mellstroy-ға іздеу жариялады

Қазақстанда танымал беларусь блогері Mellstroy-ға іздеу жариялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 09:24 Сурет: qamqor.gov.kz
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Mellstroy лақап атымен танымал блогер Андрей Буримді іздестіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздестіру туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.

"Бурим Андрей Александрович. Екі күннен бері іздеуде. Туған күні: 15.12.1998, жынысы: ер адам, ТМД азаматы, Беларусь. Іздестіру ісі 15.11.2025 жылы Астана аймағында тіркелді", – делінген құжатта.

Сурет: qamqor.gov.kz

Блогер Mellstroy-ді Ресейде қорқынышты эфирлердің символы ретінде таниды. Андрей Бурим желіде жанжалды тікелей эфирлер өткізіп, онда бойжеткенге қол көтергені үшін қылмыстық іске іліккен. Бүгінде ол көпшілікке құмар ойындарының жарнамасымен сондай-ақ, өзінің конкурстарымен танымал.

Бұған дейін елде тарап жатқан жаңа алаяқтық түріне байланысты полицияның қазақстандықтарды сақ болуға шақырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: