Синоптиктер Астана, Алматы және Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2026 09:13 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер Қазақстанның үш қаласының тұрғындарына 2026 жылғы 25 наурызда ауа сапасының нашарлайтыны жөнінде ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 наурызда Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына әкелетін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.

Мұндай кезде қала тұрғындарына, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында, ашық ауада азырақ жүргені дұрыс. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қантамыр жүйесі немесе аллергиялық аурулары бар адамдар сыртта жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: