Еңбек министрлігі Қазақстандағы жалақыға қатысты жақсы жаңалықпен бөлісті

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 20:59 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 26 наурызда Сенат кулуарында Қазақстанда ең төменгі жалақының мөлшері қашан қайта қаралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Қазақстан дамыушы елдерді ескере отырып ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенцияны ратификациялағанын еске салды. Осыған байланысты олар елімізде ең төменгі жалақы әлемдік стандарттар бойынша қашан есептелетінін сұрады.

"Минималды жалақыны анықтау әдістемесі – Халықаралық еңбек ұйымының конвенциясына сәйкес жүргізіледі. Есептеу келесідей: еңбекақыны есептеу кезінде еңбек өнімділігі және медианалық жалақы ескеріледі. Біз бұл формуланы мемлекеттік органдардың қарауына – Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігіне ұсындық. Қазір мамандар шақырылып, біздің формуланың дұрыстығы тексеріліп жатыр. Талқылау жүргізілуде. Бірақ жалпы әдістеме жұмыс істей бастау керек. Менің ойымша, 2026 жылдың соңына дейін біз оны бекіте аламыз. Әдістеме мен формула болады, ал оны қашан қолдану – екінші кезеңде қаралады. Мүмкін, 2027 жылдан бастап", – деді Асқарбек Ертаев.

Министрдің айтуынша, жаңа параметр ең алдымен жалақы мөлшеріне әсер етеді.

"Қазір ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Егер оны, мысалы, 95 мың теңгеге көтеретін болсақ, барлық есептеулер осы параметрден басталады. Яғни жалақылар өседі. Бұл – мемлекеттік қызметкерлердің де, жеке сектор қызметкерлерінің де жалақыларына қатысты. Егер мысал ретінде тағы бір рет айтсам, 95 мың теңгеге көтерілсе, сіздің еңбекақыңыз осыдан есептеледі. Яғни 95 мың теңге – негізгі база. Бұған сіздің еңбек өтіліңіз, атқаратын функцияңыз, лауазымыңыз қосылады да, соңында сіздің нақты жалақыңыз шығады. Есептеу қарапайым", – деп түйіндеді еңбек министрі.

Бұған дейін Қазақстанда алимент төлеушілердің нақты кірістері анықталатынын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: