Өмір бойы армандаған сапары қайғымен аяқталды: Таиландта комаға түскен қыз көз жұмды
Фото: akorda.kz
Қырым тұрғыны Екатеринаның Таиландтағы демалысы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бұл туралы оның әпкесі Алена Давыдова хабарлады.
Бойжеткен есін жимастан көз жұмды, нақты диагнозы әлі белгісіз күйінде қалды.
Екатерина – бірінші топтағы мүгедектігі бар жан. Ол шетелге шығуды өмір бойы армандап, сол сапарға ұзақ жылдар бойы қаражат жинаған. Алайда Паттайя қаласында оның тісі ауырып, жергілікті ауруханада жұлған, кейін жағдайы күрт нашарлап, комаға түскен.
Алғашында ол Чонбури госпиталінде ем қабылдаса, кейін Мәскеудегі ауруханалардың біріне жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript