Ақтөбе тұрғындары қоқыс алаңдарына жануарлардың өлекселерін тастай бастаған

Мусор, мусорная свалка, стихийная свалка, стихийные свалки, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2026 11:15 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеліктер қала ішіндегі қоқыс алаңдарына жануарлардың өлекселерін тастай бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Aktobetimes басылымының жазуынша, жергілікті билік өкілдері мұндай құқықбұзушылықтар бейнебақылау камералары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жасау арқылы анықталғанын айтқан.

"Кейбір тұрғындар қоқыс салынған пакеттерді контейнерге дейін апаруға да ерінеді, жолай өте сала тастай салады. Мұны балалар да үлкендерден көріп, қайталайды. Қазір аудандық әкімдіктер полициямен бірлесіп, рейдтік шараларды күшейтті. Тұрғындар ірі көлемді қоқыстармен қатар, жануарлардың өлекселерін, олардың ішкі ағзаларын, автокөлік дөңгелектерін, сынған жиһаздарды да тастайтын болған", – делінген әкімдік ақпаратында.

Әкімдік өкілдері контейнерлерге тек тұрмыстық тағам қалдықтары мен пакетке сыятын ұсақ қоқыстарды ғана тастау керектігін ескертті.

"Дәл осындай қоқыстарды шығару қызметіне сіздер ақы төлейсіздер. Ал ірі көлемді қоқыстарды, сынған жиһазды, құрылыс қалдықтарын, сондай-ақ аулалардағы кесілген ағаш бұтақтарын контейнер маңына немесе көшелерге тастауға қатаң тыйым салынады! Мұндай қоқыстарды арнайы орындарға жинап, өз бетіңізше полигонға шығару немесе тиісті көлік жалдау қажет", – деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Бұған дейін Алматыда полиция 300-ден астам киберқылмысты ашқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: