Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан күдікті ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ
Сараптама қорытындысы оның марихуана сату ісімен айналысқанын толық растады.
Тексерілген жедел ақпарат негізінде әрекет еткен жедел топ күдіктінің екі тұрғын үйінде және жеке автокөлігінде тінту жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде каннабис қолдануға арналған түрлі құралдар мен есірткі заттарын сақтауға арналған герметикалық пластик ыдыстар анықталып, тәркіленді.
Бұл деректер күдіктінің қылмыстық әрекетінің жүйелі сипатта болғанын көрсетеді. Сонымен қатар ұсталған азаматқа медициналық куәландыру жүргізілді. Қорытындыға сәйкес, оның каннабис қолданғаны және есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.
Аталған дерек қылмыстық іс аясында қосымша дәлел ретінде қарастырылады. Аталған факті бойынша есірткі заттарын өткізу дерегімен қылмыстық іс қозғалды.