Алматыда жылу қашан өшіріледі
Сурет: unsplash
Алматыда көктем келіп, күннің жылына бастауына байланысты қала тұрғындары оңтүстік астанада жылудың қашан өшірілетіндігіне қатысты қызығушылық танытуда. Бұл сұраққа қалалық әкімдіктегі салалық басқарма жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен, бұл ретте Алматы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы бүгін, 2026 жылғы 30 наурызда былай деп мәлімдеме жасады:
"Жылыту маусымын аяқтау туралы шешім орташа тәуліктік ауа температурасы бес күнтізбелік күнде қатарынан тұрақты болып, сыртқы сынап бағаны +8°C және одан жоғары болған кезде қабылданады".
2026 жылдың 31 наурызында Алматыда ауа райы қандай болатыны туралы мына арадан біле аласыздар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript