Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат бұзылып жатыр

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Циолковский көшесі, 2/324 мекенжайында орналасқан нысан сот шешімімен заңсыз деп танылған., сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2026 12:13 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Циолковский көшесі, 2/324 мекенжайында орналасқан нысан сот шешімімен заңсыз деп танылған.

Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсатсыз 4 қабатты ғимарат салғаны анықталды.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, сотқа талап арыз берілді. Ұзаққа созылған сот процестерінің нәтижесінде апелляциялық сот алқасы заңсыз салынған нысанды бұзу туралы қаулы шығарды. 2026 жылы 23 ақпанда Әділет департаментінде атқарушылық іс қозғалды.

Басқарма мәліметінше, бірер күн бұрын сот орындаушыларының қатысуымен ғимаратты бұзу жұмыстары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: