Қарағандыда танысының ақшасын жымқырған тұрғын қолға түсті
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағанды қаласының 43 жастағы тұрғыны үшін таныстарымен өткен кеш күтпеген жағдаймен аяқталды. Ол таңертең 290 мың теңгесінің жоғалғанын байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленушінің айтуынша, кеш тыныш өткен. Алайда таңертең ұйқыдан оянған әйел қомақты қаражаттың жоқ екенін байқап, оның қалай және кім тарапынан ұрланғанына таңданыс білдірген.
Оқиға бойынша әйел Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық полиция бөліміне жүгінді. Полиция қызметкерлері жедел түрде тергеу жұмыстарын бастап, сол кеште қонақта болған барлық адамдардан жауап алды.
"Мұқият тексеру мен жиналған деректерді салыстыру нәтижесінде күдіктінің ізі анықталды. Тергеу барысында ұрланған қаражат аударылған телефон нөмірі істің ашылуында маңызды рөл атқарғаны белгілі болды. Күдік 26 жастағы жергілікті тұрғынға түсті. Тергеу барысында жас жігіттің үй иесінің сенімін пайдаланып, оның телефоны мен банк қосымшасының құпия кодын біліп алғаны анықталды. Әйелдің ұйықтап қалған сәтін пайдаланған ол бірнеше алаяқтық әрекет жасаған", – деп хабарлады полиция.
Алдымен ақша оның танысының картасына аударылып, кейін із жасыру мақсатында күдіктінің өз шотына жіберілген.
Аталған дерек бойынша жас жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript