Алматыда жол және паркингтер салу үшін тағы 140 жер учаскесі алынатын болды

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2026 16:05 Фото: pexels
Алматы қаласы әкімдігі 2026 жылғы 30 наурызда мемлекеттік қажеттіліктерге байланысты жер учаскелерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті мәжбүрлі түрде алу туралы екі қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші құжатқа сәйкес, Турксіб ауданында, Закарпатская, 1/5 мекенжайындағы 101 жер учаскесі немесе басқа жылжымайтын мүлік жалпы пайдалану объектісін – паркинг аумағын құру үшін мәжбүрлі алынатын болады.

Екінші қаулы бойынша, Қайрат шағынауданында 39 жер учаскесі немесе басқа жылжымайтын мүлік жол салу мақсатында мәжбүрлі түрде алынуға жатады. Мәжбүрлі алыну мерзімі – 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Жер учаскелерін алу бойынша жұмыстарды жүргізетін Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының "Қала жер орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жер иелерін заңнамаға сәйкес хабардар етуге міндеттелді.

Сонымен қатар, жер иелеріне өтемақы төлеу және учаскелерді алынған соң Турксіб ауданы әкімдігі аппаратының балансына тапсыру жұмыстарын ұйымдастыру көзделген.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі Алатау ауданындағы 31 жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алмайтыны туралы хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: