Қазақстанда машина жасау саласын қолдаудың шаралары қайта қаралады

Работники, работник, рабочий, рабочие, люди на производстве, производство, завод, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2026 15:55 Фото: pixabay
2026 жылғы 2 сәуірде Машина жасаушылар форумында ҚР Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев машина жасау саласындағы қолдау шараларын қайта қарау жоспарланып отырғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, машина жасауды дамыту мәселелерін реттейтін заң жобасы Мәжілісте қаралу үстінде.

"Қолдау құралдары қайта қаралуда. Мемлекет жобаның өңдеу деңгейі, масштабы және қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне сәйкес нақты бағытталған құралдарды ұсынады", – деді Панбаев.

Қолдау инвестордың Қазақстан экономикасына қосатын үлесіне қарай беріледі: қосылған жалпы құн, жаңа жұмыс орындарын ашу, технологияларды енгізу және экспорттық әлеуетті арттыру.

Еске салсақ, бұған дейін ірі корей және америкалық компаниялар Қазақстанда автокөлік бөлшектерін өндіруге қызығушылық танытқаны туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: