Бектенов қазақстандық өндірістер үшін жаңа мүмкіндіктер жайлы айтып берді

Археологи, археология, археологические раскопки, раскопки, археологические находки, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 12:48 Фото: Zakon.kz
ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов 2026 жылғы 3 сәуірде Астанада өткен Геологиялық форумда геологиялық барлау саласындағы ең перспективалы бағыттарды атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол Қазақстанның әлем бойынша өндірістік тізбектерде маңызды рөл атқаратын стратегиялық минералдарға бай екенін еске салды.

"Мысалы, өткен жылы сирек жер металдарының ірі кен орны – "Күйректікөл" ашылды. Оның қоры шамамен 800 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде церий, неодим, иттрий және басқа да элементтер бар. Сонымен қатар, біздің геологиялық ресурстарымыз техногендік минералдық түзілімдер есебінен де артып келеді, олардың көлемі шамамен 58 млрд тонна. Оларды игеру өндіріс саласына жаңа мүмкіндіктер ашады", – деді Бектенов.

Сондай-ақ ол су ресурстарын басқару бағытына ерекше тоқталды.

"Қазақстан жерасты су көздерінің барлық кен орындарын түгендеу бойынша ауқымды жұмыстарды бастап кетті. Табиғи байлықтарды сақтау, таза ауа мен суды қамтамасыз ету, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану – қазіргі және келешек ұрпақтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін басты міндеттер", – деп қосты Үкімет басшысы.

Бұған дейін Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған бокс дамуының тұжырымдамасын бекіткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: