Қазақстандағы жер қойнауын зерттеуге келесі үш жылда бөлінетін қаржы мөлшері

Археологи, археология, археологические раскопки, раскопки, археологические находки, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 14:09 Фото: Zakon.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 3 сәуірде Астанада өткен Геологиялық форумда геологиялық салаға бөлінетін қаржылар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер елдегі маңызды реформалардың, инфрақұрылымды жақсарту және инвестициялық ахуалды оңтайландыруға бағытталған қадамдардың жүзеге асырылып жатқанын еске салды.

"Маңызды қадамның бірі – Біріктірілген жер қойнауын пайдалану порталының іске қосылуы болды. Ол қызметтерге ашық қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып "бірінші келген – бірінші алды" қағидасы енгізіліп, жер қойнауын пайдалану құқығын беру процесі айтарлықтай жеңілдетілді. Соңғы үш жылда геологиялық барлау саласына шамамен 280 млрд теңге жеке инвестиция тартылды", – деді премьер-министр.

Сонымен қатар, ол халықаралық стандарттар бойынша қорларға есеп беру жүйесі енгізілгенін атап өтті.

"Геологиялық зерттеулерге тұрақты тәсіл қалыптастыру үшін 1:50 000 масштабты геофизикалық карталарды жасауға көшіп отырмыз. Сала үшін маңызды – жер қойнауын зерттеуге бөлінетін қаржы, ол 10 есе көбейтіліп, келесі үш жылда шамамен 500 млн АҚШ доллары көлемінде болады"", – деді Бектенов.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы геологиялық барлауға шамамен 240 млрд теңге бөлінетіні хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: