Алматыда бір датчиктің арқасында 8 адам аман қалды
Сурет: Алматы төтенше жағдайлар департаменті
Бүгін, 2026 жылғы 5 сәуірде таңертең Алматы төтенше жағдайлар департаменті пультіне Новгородская көшесіндегі көпбалалы отбасының үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, небәрі 5 минут ішінде өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті: төбенің жабындысы жанған.
"Жеңіл тұтанатын материалдардан салынған барак үлгісіндегі үй санаулы секундтарда толықтай өртеніп кетуі мүмкін еді, бүкіл отбасы үшін қауіп өте жоғары болды. 2025 жылдың қазан айында құтқарушылар орнатқан өрт датчигі тұрғындарды оятып, өрт сөндірушілерді дер кезінде шақыруға мүмкіндік берді. Өрт қысқа уақыт ішінде сөндірілді", – деп хабарлады ведомство.
Алматы төтенше жағдайлар департаментінің аға инженер Ринат Құсайыновтың айтуынша, ол бұған дейін әкімдік пен газ қызметі өкілдерімен бірге бұл отбасының үйінде болып, датчик орнатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Соның арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript