Ақтауда қызыл балықты заңсыз тасымалдаған азамат ұсталды
Фото: Zakon.kz
Аталған факт Маңғыстау облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелген.
ЖБО инспекторы Алматов Р. жедел шаралар қабылдап, күдіктіні ұстады. Ақтау қаласындағы МАЭК маңындағы айналма жолда автокөлік тоқтатылып, тексерілді. Тексеру барысында көліктен шамамен 40 келі (9 дана) заңсыз тасымалданған қызыл балық тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлармен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға және табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға жол бермеуге шақырады.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету — әрбір азаматтың ортақ міндеті. Маңғыстау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.