11 электр станциясын кеңейту: ұлттық жоба аясында қай қалалардағы ЖЭО жаңғыртылады

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2026 21:56 Фото: pexels
Көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа ұлттық жоба аясында басым бағыттардың бірі қолданыстағы энергия көздерін техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 6 сәуірде ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді.

Ақпаратқа сүйенсек, жалпы, 11 электр станциясында жаңғырту және кеңейту жобалары іске асырылады:

  • Ақсу ГРЭС-інің №7 энергоблогын жаңғырту (325 МВт);
  • Екібастұз ГРЭС-2-де №3 және №4 энергоблоктарды салу (1 100 МВт);
  • Қарағанды ЖЭО-сын кеңейту (140 МВт);*
  • Өскемен ЖЭО-сын кеңейту (100 МВт);
  • Топар ГРЭС-ін жаңғырту (250 МВт);
  • Шахтинск ЖЭО-сын кеңейту (130 МВт);
  • Балқаш ЖЭО және Жезқазған ЖЭО-да турбоагрегат енгізу (50 МВт);
  • Согра ЖЭО-сын кеңейту (50 МВт);
  • "Qarmet" АҚ-ның ЖЭО-2-сін кеңейту (230 МВт);
  • Степногорск ЖЭО-сын жаңғырту (30 МВт).
"Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 2,5 ГВт көлемінде қосымша генерация қуаты енгізіліп, электр станцияларының тиімділігі артады және олардың қауіпсіз пайдалану мерзімі ұзартылады",- делінген мәліметте.

Бұған дейін Қызылордада қиыршық тас пен құмды заңсыз алып кетпек болғандар ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: